Жүрегімді жаулады басыр қайғы – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Жүрегімді жаулады басыр қайғы» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 975
Жүрегімді жаулады басыр қайғы,
Мынау әлем дүбәра – тасырлайды.
Өшті ме екен кеудеңнен мендік сенім,
Асау сезім санаға бас ұрмайды.
Жайымды ұқшы, қайтейін, жабығамын,
Топ ішінен өзіңді танығамын.
Сен сүймесең кім мені жұбата алар,
Жанарымда жаныңның табы қалың.
Көздің жасын шыра етіп, егілесің,
Қасіретке еріксіз телінесің.
Ақылдым-ау, ақылды ең әу бастан-ақ,
Жоғалған-ау бір жола менің есім.
Бір мысық жүр санамда сөлеңдеген,
Уын бастым жыланның өлеңменен.
Боталаған көзіңнен айналайын,
Сөзің дәру жаныма «сенем» деген.
Ойдың бәрін қуайын тасадағы,
Түсе қойған жоқ дерттің аса дағы.
Алу-далу сорлының әптігін тек,
Сенің ыстық құшағың баса алады.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегімді жаулады басыр қайғы өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Жүрегімді жаулады басыр қайғы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегімді жаулады басыр қайғы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жүрегімді жаулады басыр қайғы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері