Көру ғана көзіңді көксегенім – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Көру ғана көзіңді көксегенім» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 729
Көру ғана көзіңді көксегенім,
Сен – қиырда, мен – зеңгір көкшедемін.
Жүрегіміз бірақ та бір соғады,
Ебі жел кеп бетімнен өпсе менің.
Сағыныштың шабдарын сабылтамын,
Ұмытқам жоқ ерніңнің, жаным, табын.
Махаббаттың күшті екен құдіреті,
Ақ сезімге табынсаң – табын, табын!
Сырғаң неткен айбарлы, жадылаған,
Күн шығыстан нұр шашты тағы маған.
Сен де жүрсің аңсаумен ...
Сол бақытқа –
Жетеміз бе білмеймін, жаным, аман?..
Сағынумен сартап боп сандаламын,
Тәтті қиял, елеске малданамын.
Күлкі кетпей құлақтан елегізем,
Неге сонша байландым – таңданамын.
Мәрмәр жүзің жанымды бұғаулаған,
Қарашығы көзіңнің: түн – аумаған.
Түн – тұңғиық: арбайды, сиқырлайды,
Оп-оңай-ау түбіне құлау маған.
Ісің қандай қылықты, назың қандай?
Еркелікпен айтасың базынаңды-ай.
Аңсарымды амалсыз аударасың,
Шығыстағы шырайлым, қазынамдай...


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көру ғана көзіңді көксегенім өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Көру ғана көзіңді көксегенім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көру ғана көзіңді көксегенім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көру ғана көзіңді көксегенім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері