Қытайда болған елшіміз
Бұл бетте «Қытайда болған елшіміз» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Жәнібек Кәрібжановқа)
Ардақтаймын
Кәрібжановтар әулетін!
Жайнатып тұр Фазыл ағам сәулетін.
Жәнібек, саған жанжүрегім шын разы,
Көтеріскен тәуелсіз ел дәулетін.
Дәлдеп айтсам,
Ақ жүрегің кең екен,
Оны білмес арлы қазақ кемдекем.
Қазақстан туын көкке көтеріп,
Көкшетауды басқарғаның – мерекем.
Қытайға да елші болған інімсің,
Аруақ қонған, асыл туған ірімсің.
Қызылжар мен Омбы –
Бауыртуыстар,
Қос аймаққа жақындығың білінсін.
Мақтан етер асыл ісің көп сенің,
Туған елдің бар қажетін көкседің.
Ауыр күнде Өскеменді өрбітіп,
Құтты болсын Астанаға жеткенің!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі