Тана көзің мөлдіреп, жас тамады – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тана көзің мөлдіреп, жас тамады» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.02.2021
  • 0
  • 1
  • 1410
Тана көзің мөлдіреп, жас тамады,
Тоты көңіл бұйығып, пәс болады.
Сүдініңде сұлулық сұқтандырар,
Елестетер қылығың жас баланы.
Кеттім екен білмеймін қайда лағып?
Бара жатыр махаббат майданы алып.
Сәл ұзасам өзіңнен сағынамын,
Жақындасам туады байбалам, ұқ.
Парасаттық кеткен бе майдаланып?
Түсінбеймін ештеме, ұғынбадым,
Қадамашы көзіңнің сұғын, жаным.
Төрт мезгілде өзгерер ор қояндай,
Саған жайсыз тиді ме, құбылғаным?
Бәрі менің қолымда емес, күнім,
«Пешенеге жазылған ...» көп естідім.
Сағынамын бәрібір зарығамын,
Құлағымнан кетпейді көмескі үнің.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тана көзің мөлдіреп, жас тамады өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тана көзің мөлдіреп, жас тамады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тана көзің мөлдіреп, жас тамады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тана көзің мөлдіреп, жас тамады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері