Ақшаны кім қалай табады? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақшаны кім қалай табады?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4012
Ақша табу оңай ма?
Керек оған он айла:
Біреу біреуді алдап табады,
Біреу жанын жалдап табады.
Біреу қулықпен табады,
Біреу ұрлықпен табады.
Біреу алаяқтық тірлікпен табады,
Құлақ естімеген сұмдықпен табады.
Біреу малын сатып табады,
Біреу арын сатып табады.
Бәрінен де сорақысы –
Біреу тәнін сатып табады.
Біреулер жаламен табады,
Біреулер парамен табады.
Арамдықтың арқасында
Байлыққа батып қалады.
Ондайлардың көбісін түбінде
Құдайы атып қалады:
Түрмеге жатып қалады.
Адал еңбек, маңдай тер
Балдай қатық болады.
Ондай дәмді тек қана
Адал адам ғана татып бағады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақшаны кім қалай табады? өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақшаны кім қалай табады? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақшаны кім қалай табады? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақшаны кім қалай табады? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері