Ленинград жырларынан – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Ленинград жырларынан» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.05.2019
  • 0
  • 0
  • 1236
СМОЛЬНЫЙ

Келдім мен тоғыз болмай, қызметкердей,
Мың келіп бұрын буған, мың кеткендей.
Ағылған адамдардың әр қайсысы,–
Бүгінгі атқаратын міндеттердей.
Дәл тоғыз. Қызметке кім кешіккен?
Тек қана аспандағы күн кешіккен.
Декабрь күнді басып жібермейді,
Түсем деп ұмтылса да түн-бесіктен.
СССР қызметте. Ленин бастық
Қабылдап жатыр жұртты. Есік ашық.
Ол есік — миллиондар өтер жолы
Алдағы болашаққа еркін басып.
Бәрі де бүгінгідей. Сеземін мен,
Ленин ақылдасып өз елімен,
Советтік өкіметтің міндеттерін
Жатқандай ойлап шешіп кезегімен.
Смольный! Тәтті ойларға шомылам мен,
Осынау таңғы көркем шұғылаңмен.
Өзің де сонау таңда жаңғырықтың
Адамзат асыл даусы - сол ұранмен.
Смольный! Неткен байтақ ел төсіндей,
Бар адам баурындағы еркесіндей,
Бүгінгі бар мекеме, барлық кеңсе,
Бар трест, бар управтың әкесіндей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ленинград жырларынан өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ленинград жырларынан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ленинград жырларынан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ленинград жырларынан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері