Қажымұқан – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Қажымұқан» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 1
  • 4347
(Ескерткіш түбінде)

Мүлде сирек көк шөбі құба жонда,
Мүлде сирек бір қазақ жатыр ұйықтап.
Айтарсың - деп кейінгі сұрағанға
Беріп кеткен тарихқа атын мықтап.
Содан бері Оңтүстік айтады аңыз, −
Өзім көрген ең мықты ер осы - деп.
Жаурыны тиіп жалғыз-ақ қарт бабаңыз
Тек ажалдан жығылған жері осы - деп.
Түскен жері ойылып, сол орынға
Қоя қойған секілді қозғамастан.
Туған елдің балуан қонағына
Айтылыпты ай бойы аза дастан.
Сол азадан құйылған күмбез аппақ,
Балуандай тіп-тіке тұр маңқиып,
Күштіліктің дұғасын күнде жаттап,
Маңайында жортады қыруар киік.
Жандар ғой бұл шапағат жарық құшып,
Бар тұлғасын табиғат мол пішетін.
Ол есіңе түскенде халық түсіп,
Халық еске түскенде ол түсетін.
(Ескерткіш түбінде)
Мүлде сирек көк шөбі құба жонда,
Мүлде сирек бір қазақ жатыр ұйықтап.
Айтарсың - деп кейінгі сұрағанға
Беріп кеткен тарихқа атын мықтап.
Содан бері Оңтүстік айтады аңыз, −
Өзім көрген ең мықты ер осы - деп.
Жаурыны тиіп жалғыз-ақ қарт бабаңыз
Тек ажалдан жығылған жері осы - деп.
Түскен жері ойылып, сол орынға
Қоя қойған секілді қозғамастан.
Туған елдің балуан қонағына
Айтылыпты ай бойы аза дастан.
Сол азадан құйылған күмбез аппақ,
Балуандай тіп-тіке тұр маңқиып,
Күштіліктің дұғасын күнде жаттап,
Маңайында жортады қыруар киік.
Жандар ғой бұл шапағат жарық құшып,
Бар тұлғасын табиғат мол пішетін.
Ол есіңе түскенде халық түсіп,
Халық еске түскенде ол түсетін.


Пікірлер (1)

Дарын

Өте керемет жазылған өлең

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қажымұқан өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Қажымұқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қажымұқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қажымұқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері