Бас жазу – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бас жазу» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2340
Былай деді бір мас:
«Не істеу керек бұл бас?
Иықта байланып тұруы керек.
Жер шары секілді домалақ,
Үнемі домалап,
Айналып тұруы керек.
Әйтпесе, тоғандағы су секілді,
Ми дегенің сасып кетеді.
Құтыдағы у секілді
Құтырып ашып кетеді.
Сол үшін басты тауға да ұрып,
Тасқа да ұрып,
Миды шайқап тұру керек,
Күйді байқап тұру керек.
Ауырмаған бас бас па?
Айналмасын десең тасқа,
Ішу де керек,
Құсу да керек,
Милицияға түсу де керек,
Не қызық бар басқа?
* * *
Сөйтіп, қасқа
Басын күнде жазып жүр.
Өмірден азып жүр,
Өзіне көр қазып жүр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бас жазу өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Бас жазу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бас жазу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бас жазу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері