Жалақы мен жолақы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жалақы мен жолақы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1824
Баяғыдай «ойхой»-лап,
Қыз ұзатып, той тойлап,
Ауыл аралап, дала кезіп,
Қаладан қала кезіп,
Қыдыратын заман жоқ,
Шалқақтайтын шамаң жоқ:
Алатұғын жалақың
Жолыңа жетпейді баратын.
Барсаң да, зорға барасың,
Қайтарда жолда қаласың.
Тыныс тіптен тарылды,
Әрең алып наныңды,
Асырасаң болды жарыңды,
Жұбатсаң болды қарынды.
Бір баланы бағуың да,
Оған тамақ табуың да
Қиынның қиыны боп тұр,
Ең қымбаты киімі боп тұр.
Қарызға батып белшеден,
Тырысқаныңмен, о, тоба-ай,
Ауылдағы әкең өлсе де,
Жете алмайсың оп-оңай.
Өйткені, мизер жалақың,
Жүз есе қымбат жолақы.
* * *
Болғандар бұрын қаңғыбас,
Қыдырып енді мандымас.
Кеткенше заман оңалып,
Отырған жақсы омалып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалақы мен жолақы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жалақы мен жолақы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалақы мен жолақы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалақы мен жолақы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері