Кейде жазып тынбаймын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кейде жазып тынбаймын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1139
Кейде жазып тынбаймын,
Шабытымды шыңдаймын.
Жыр соңынан жыр келіп,
Сергіп қалам мұндай күн.
Кейде шықпай бір өлең,
Тұңғиыққа тірелем.
Мұндай шақта тұнжырап,
Жауар бұлттай түнерем.
Жауып тастап қақпаны,
Біраз тыным тапқалы,
Босқа өткізем бейнетсіз
Әлденеме аптаны.
Мойын босап мұңданда,
Шабыт келмес ыңғайға.
Отырамын мең-зең боп,
Өлең қалып бір қайда.
Осы ма екен, апыр-ау,
Опық жеген тоқырау?
Жақсылықты көрмесе,
Ақын да бір соқыр-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейде жазып тынбаймын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кейде жазып тынбаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейде жазып тынбаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейде жазып тынбаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері