Қызғалдақтар жыры – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қызғалдақтар жыры» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2118
Қуқыл тартып құмда күйген шөптердің
Арасында біздер бірге солсақ та,
«Қызғалдақтан енді қалар жоқ белгі», –
Деген адам жаңылады сол шақта.
Біздер бармыз!
Мейлі бізді ұмытсын,
Жансын мейлі қуаң жердің құшағы.
Біздер бармыз!
Кезіп жалпақ құм ішін,
Ыстық шаңмен ұрығымыз ұшады.
Өзіміздің туған ыстық бөктерден
Өртенсек те,
Ешқайда біз кетпейміз.
Жайнай түссін деп өлкеміз көктемде,
Қайта шығып,
Шешек атып көктейміз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғалдақтар жыры өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қызғалдақтар жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғалдақтар жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғалдақтар жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері