Маңғыстау шілдесі
Бұл бетте «Маңғыстау шілдесі» атты Айтқали Нәріков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жатыр, міне, тырысып «тулақ» дала,
Бұйрат-бұйрат боз құммен бунақталып.
Тұяқ тірер бір тұлдыр таппай құйын,
Секіреді Каспийге, тулап барып.
Қылтанақтан жер төсін ада қылған,
Шілде ғой бұл билікті дара құрған.
Күн - табада қуырылып жатыр ма екен,
Жалын лебі келеді Қарақұмнан.
Бар шыдамды соларға жиып берген,
(Шөлдеп көрген, аптапқа күйіп көрген).
Сая таппай, Үстіртте жөңкіледі,
Көрсе жаның ашиды күшіктерге.
От найзасын тұрса да кезеніп Күн,
Мыңқ етпестен жатады безеріп қыр.
Айтып-айтпай не керек, басқа түгіл,
Шыңыраудың да еріні кезеріп тұр.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі