Кілемді неге сабайды? – Болат Үсенбаев

Бұл бетте «Кілемді неге сабайды?» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1367
Дұрыс па өзі мұнысы,
Жақпады ма бір ісі?
Сабап жатыр кілемді,
Тарылады тынысы.

Түзеледі ол қашан,
Қанша қақса - сонша шаң.
Таяқ жеумен өтеді
Осы кілем әрқашан.

Сабағанда жабыла
Бұрқ-бұрқ етер шаңы да.
Шаңнан қашып адамдар
Жоламайды маңына.

«Оны неге сабайды?» -
Деп Қанайбек қарайды.
Құрал оған жөн айтты
Көргендей-ақ талайды:

– Кінә өзіңде, есіңе ал,
Дәнеңе жоқ шошынар.
Шаңға аунамай жәй жүрсе
Сабап оны несі бар?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кілемді неге сабайды? өлеңінің авторы кім?

Болат Үсенбаев — осы өлеңнің авторы.

Кілемді неге сабайды? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кілемді неге сабайды? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Болат Үсенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кілемді неге сабайды? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері