Қиядан қыстағыңа қарап келем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қиядан қыстағыңа қарап келем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1299
Қиядан қыстағыңа қарап келем,
Қашқалы қанша уақыт тағат менен.
Қасыңа қас қағымда-ақ барар едім
Қағатын болса ұшқыр қанат деген.
Қиядан қыстағыңа қарап келем,
Қозғалмай қойды-ау тегі сағат деген.
Қақпасы қайсы екен деп қалқашымның,
Қалқиған қораларды санап келем.
Қиядан қыстағыңа қарап келем,
Әне бір кім болды екен там әктеген?
Алыстан ақ балтырын жалт еткізіп,
Үйіне кіріп кетті-ау, қап, әттеген!
Қиядан қыстағыңа қарап келем,
Кеудемде тулайды бір қанатты өлең.
Қияннан күйіп-жанып жеткенімде,
Қарсы алсаң болды жылы қабақпенен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қиядан қыстағыңа қарап келем өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қиядан қыстағыңа қарап келем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қиядан қыстағыңа қарап келем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қиядан қыстағыңа қарап келем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері