Ерте келген қараторғай – Болат Үсенбаев

Бұл бетте «Ерте келген қараторғай» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1691
Боранды да елемепсің,
Дауылға да қарамай.
Падишасы кереметтің
Асығыпсың далаңа-ай.

Қар көбесі сөгілген жоқ,
Жібімепті мұзы әлі.
Ерке көктем сенімен кеп,
Алыстарға ұзады.

Көктем неге кешікті бұл,
Қайтпай тұр күн ызғары.
Шырылыңды есітті қыр,
Ериді енді мұз, қары.

Сағынып-ақ қалғасың ба
Боз далаңды, пәк құсым?!
Қар бар әлі тау басында,
Тоңып қалған жоқпысың?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері