Сұлуым да сенсің

Бұл бетте «Сұлуым да сенсің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2723
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Айналайын айым,
Сен бір – әппақ қайың,
Балғын денең балқып бұралған.
Жырлап әсем әнмен,
Сендей сұлу жанмен
Бірге жүру шалқып – бір арман.

Қайырмасы:
Сұлуым, сымбаттым,
Қол жетпес қымбаттвм,
Сезімді селдеттің,
Төзімді тербеттің.
Көктегі күнім-ай,
Көктемгі гүлім-ай.
Нұрым-ай,
Тамылжыған үнім-ай!

Саған ғана іңкәр,
Мен – арынды тұлпар,
Қазығыңа мәңгі байланған.
Сұлуым да сенсің,
Жылуым да сенсің,
Ең әдемі әнге айналған.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлуым да сенсің өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сұлуым да сенсің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлуым да сенсің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлуым да сенсің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар