Әкешім – Ақгүл Тұрсынбай

Бұл бетте «Әкешім» атты Ақгүл Тұрсынбай жазған әке туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қол бұлғап көрінген
Жеті онның төріне
Жетіпсің ғой, әкешім.
Мәз болып марқайып,
Жас келіп, қартайып
Кетіпсің ғой, әкешім.
Еңсеңді түсіре,
Таусыла күрсіне,
Ортаймашы, әкешім.
Сырқатқа бой беріп,
Боп жүрме боркемік.
Жантаймашы, әкешім.
Тәлімі тұңғиық,
Тұлғасың тым биік.
Аспанымсың, әкешім.
Болсаң да егде,
Қайталанбас пенде –
Асқарымсың, әкешім.
Жүрмісің ойланып,
Ауылда қой бағып,
Жаның тынбай, әкешім?
Мұң торлап жүзіңді,
Еркетай қызыңды
Сағындың ба-ай, әкешім?


Пікірлер (3)

Асель

мағаң ұнады

Myrza

Өте тамаша!

Ақгүл

Асел, Мырза, көп рақмеет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әкешім өлеңінің авторы кім?

Ақгүл Тұрсынбай — осы өлеңнің авторы.

Әкешім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әкешім өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әке туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Әкешім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар