Сынған аяқ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сынған аяқ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3092
Бір досымның аяғы сынып,
Іштей тынып,
Қозғалмаған күйінде,
Үш ай жатты үйінде.
Сау кезінде, ой, Алла-ай,
Құлдыраған қояндай,
Бір орнында тұрмайтын,
Сөзді жүре тыңдайтын.
Енді көрмейсің бе Алланың
Аяққа кісен салғанын.
Тұрайын десе, шама жоқ,
Ұрынайын десе, қара жоқ,
Қасында қатын, бала жоқ:
Бірі мектепте, не жұмыста,
Осынысы дұрыс та.
Күн батқанша күйініп,
Қабағы тарс түйіліп,
Құр дөңбекшіп жатады.
Ауру емес сыздаған,
Көңіл емес мұздаған,
Жанға осы батады...
Дертті болған досының
Көрейін деп пошымын,
Бардым бірде кештетіп.
Үйдің ішін лаң қылған,
Айқай-ұйқай даң қылған,
Тұрып қалдым ес кетіп.
Төсектегі «батырым»
Бала-шаға, қатынын
Жатыр екен қуырып,
Тілінен от суырып.
Неткен қызық-тамаша?
Түсе кеттім араша.
Досым бірден басылды,
Қабағы да ашылды,
Ыржалақтап балаша.
– Дос-ау, бұл не еткенің,
Ашушаң боп кеткенің?
Досым айтты:
– Сендерді
Кеткенім ғой сағынып.
Жата беру жөн бе енді
Тар төсекке таңылып?
Жауабымды әзірлеп,
Былай дедім әзілдеп:
– Сынбағанда бұл аяқ,
Ұстатпас ең біздерге.
Түсіп сонар іздерге,
Келер еді кім аяп?
Киіп кетті жұбайы:
– Бұл бәленің Құдайым
Тілін кескені дұрыс болар еді,
Сонда құлағымыз тынышталар еді.
* * *
Иә, «ақсақ қой жатып семіреді»,
Ақсақ адам үй ішін,
Безеп қотыр тіл ұшын,
Төсекте жатып кеміреді, –
Деген мақал осы да,
Не өкпе бар досыма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сынған аяқ өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сынған аяқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сынған аяқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сынған аяқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері