Менің аппақ аққуым ұшқан кезде – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Менің аппақ аққуым ұшқан кезде» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Менің аппақ аққуым ұшқан кезде
Жыр кеудемде жұмыр ет езілген күн.
Біздің аспан сағынып жылағанда
Қанатымның сынғанын сезінгенмін.
Ақ қауырсын кірленіп бұл көшеде,
Күнәлардың исінен безінгенмін.
Шөлдің шерлі құмына зарым сіңді.
Боздағандай ботасы Бозінгеннің.
Қарақошқыл қызғылт рең шапақ нұрын,
Жұтып жатыр қара жер шер қойнына.
Ғашығымен туған ел махаббатын,
Ауыр болмас көтерсе ер мойнына.
Жолай алман ол көше ұмыт болған,
Кірсең шықпас құшағы көр ғой мына,
Ымыртына сезімнің ұшқым келед,
Айтшы құсым ол жақта сел қойды ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің аппақ аққуым ұшқан кезде өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Менің аппақ аққуым ұшқан кезде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің аппақ аққуым ұшқан кезде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің аппақ аққуым ұшқан кезде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері