Желп-желп еткен ала ту – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Желп-желп еткен ала ту» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 2
  • 19584
Желп-желп еткен ала ту
Жиылып алар күн қайда?
Орама мылтық тарс ұрып,
Жауға ататын күн қайда?
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Арғымақтан туған асылды
Баптап мінер күн қайда?
Алаштағы жақсыдан
Батасын алып, дәм татып,
Түлкі дейін түн қатып,
Бөрідейін жол жатып,
Жауырынына мұз қатып,
Жал аулы найза қолға алып,
Жау тоқтатар күн қайда?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Скибиди

Каеф

Айша♡

Өте керемет

Осы автордың басқа өлеңдері