Істеген ісім кетті далаға – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Істеген ісім кетті далаға» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.03.2019
  • 0
  • 3
  • 11106
Істеген ісім кетті далаға,
Қашан өтіп шығам деп,
Қайғырамын мен-дағы
Жайықтан арғы далаға.
Басқа қысым түскен соң,
Қайрылмастай күн болды
Қатын менен балаға.
Барсаң сәлем айта бар
Ата мен анаға.
Жаудан аман жан қалса,
Қара орман малым садаға.


Пікірлер (3)

Досымжан

бұл өлең маған қатты ұнады

Жасмина

Өте керемет маған ұнады

Жасмина

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері