Ауыл тақырыбы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ауыл тақырыбы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1654
«Көкқасқалар» құлайды шұбап төрден,
Аяңдайды қырманда Мұратберген.
«Туған ауыл» дейтұғын тақырыпта
Шығармадан «екі» алып, құлап келген.
(Е. РАУШАНОВ. Келінтөбе. «Жалын», 1984 ж. 9-бет)

Бара қалсаң ауылға, шұбат берген,
Шұбат берген –
Көңілге шуақ берген.
Қарамайды жасыңа, дәрежеңе,
Алшаң басып шығасың бір-ақ төрден.
Бара қалсаң ауылға, шұбат берген,
Шұбат берген –
Бойыңа қуат берген.
«Туған ауыл» дейтұғын тақырыпты
Мұратберген жаза алмай, «құлап келген».
Бара қалсаң ауылға, ұнап жеңгең,
Қарсы алады күлімдей қырат-белден.
Іні сыйлап, ағалар құрақ ұшып,
Жарасымды жаныңа жыр ап келген.
Бара қалсаң ауылға жырақ жерден,
«Көкқасқалар» құлайды шұбап төрден.
Осыларды көре алмай, қара басып,
Мұратберген сынақтан «құлап келген».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауыл тақырыбы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ауыл тақырыбы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауыл тақырыбы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауыл тақырыбы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері