Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.08.2019
  • 0
  • 2
  • 4904
Ақ бүркей салдым басыма,
Жер ортаға келген шағымда.
Басымнан бағым тайғаны,
Жаратқан Алла осы ма?!
Арман да арман арманның,
Ақ бүркей басқа салғаным.
Тасып тұрған көңілім,
Жасып бір шіркін қалғаның.
Опасыз дүние жалған-ай,
Ақ бүркей басқа салған-ай!
Салмасқа бар ма амалым,
Шырағым сынып қалған-ай!
Құдірет басқа салған соң,
Басымнан бақты алған соң.
Амалым бар ма көнбеске,
Ақылшым сенен қалған соң?!
Ақ бүркей салып жылайын,
Жылатқан соң құдайым.
Ақылшы құрмал серігім,
Жаныңа иман сұрайын.
Қайғы салып жылатқан,
Не жаздым саған Жаратқан?!
Сындырды жер ғып сағымды,
Басыма мына ақ жапқан.
Қайсар ед қатты болаттан,
Аузына бізді қаратқан.
Мейірімді бауырмал,
Тұлғасын артық жаратқан.
Айырды бізді сол бақтан,
Ордада жанған шырақтан.
Ажалдың оғы жел екен,
Босаға еді құлатқан.
Қаралы күнді жамылдым,
Жаратқан, саған неғылдым?!
Қайғыға қамап жылатқан.
Опасыз жалған не ғылдым?!
Ақ бүркей деген бір бүркей?!
Әкем бір қара мүсіркей.
Қайғысыз қамсыз күн қайда?
Арысым үйде жүргендей.
Дүние болмайды екен жанға жолдас,
Қаншалық зарласам да орны толмас.
Ақ бүркей басыма сап сыңар қалдым,
Сұңқарым қолдан ұшқан қайта қонбас.
Ақ бүркей басқа салғаным,
Басымнан бағы тайғаның.
Тайғаны емей немене,
Арысым еді алғаным?!
Ақ бүркей белгі азалы,
Басымнан бақыт тайған соң,
Жоқ екен пенде шарасыз.
Ажал деген атқан оқ,
Арысым, тиді саған кеп,
Жұбымымызды Жаратқан
Айырған соң амал жоқ.
Бақ құсым ұшты басымнан,
Арысым кетіп қасымнан.
Етегім толды көл болып,
Көзімнен аққан жасымнан.
Сен кеткен соң сынармын,
Қайғы жұтып тынармын.
Құлазып қалған иен үй,
Жасымай қалай шыдармын.
Арысым кетті арадан,
Айрылып ел-жұрт, баладан.
Қамқоры едің бәрінің
Қабағына қараған.
Ашық-жарқын досым ең,
Қоң тырнақтан қосып ең.
Бірлікте өткен тіршілік
Түгеді ме осымен?!
Арысым едің ардақты,
Болжайтұғын жан-жақты.
Сен өмірден өткен соң,
Балаларың зар қақты.
Шулатты бізді Құдайым,
Мұңымды айтып жылайын.
Ес қатпады жиғаның,
Жаныңа иман сұрайын.
Өмірдің ауыр қыспағын,
Бірге өткізген қас-қағым.
Қате ісімді түзейін,
Ақылшым едің ұстазым.
Танытқан оң мен солымды,
Демеген созған қолымды.
Мұңымды кімге айтармын,
Бары менен жоғымды.
Ашулансам ақырып,
Сөзімді айтам батырып,
Ендігі күнім не болар.
Бар әлемге жалынып,
Көзімнің жасын төксем де,
Жетім боп қалдым сыңаржақ,
Жер түбіне жеткенде.
Есімнен кетпес бар ісің,
Жүрісің менен тұрысың.
Жер анаңа тапсырдым!
Айрылдым сенен, арысым,
Алдыңнан Алла оңдасын!
Амандық берсін қалғанға,
Иманың болсын жолдасың!
Балалар қашан ер жетер?!
Ер жеткенше ес кетер.
Опасыз мына сұм дүние,
Соққылап әр күн еңіретер.
Соққыға қалай шыдармын,
Уайымға батып тынармын.
Қайғының жүгі опырып,
Шынардай болып сынармын.


Пікірлер (2)

Аяжан

Дұрыс емес ішінде құдайға наразы сөз айтылмау керек

Сайран

«Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы» — қазақ ауыз әдебиетіндегі шыққан жоқтау өлеңі, онда әйел өзінің жан серігінің көз жанарын ақтара жоқтаған жүрек айғайы көркем тілмен жеткізілген. Бұл поэзия оқырманға махаббат пен ауыр жоғалтудың маңызын терең сезінуге мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері