Енесін келіннің жоқтауы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Енесін келіннің жоқтауы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.08.2019
  • 0
  • 1
  • 43825
Қағыңнан алған қорегім,
Қайғылы болды жүрегім.
Қайғылы жүрек жазылар,
Апашым қайдан табылар?!
Мүдіріп кетсем мін болар,
Шариғатқа мін болар.
Иманды болғыр, апашым,
Енді өзіңдей кім болар?!
Әуеден ұшқан лашын,
Қиынға салар ұясын.
Алладан тура келген соң,
Ажалға бар ма лажың?!
Апам бір келді сексенге,
Жылайын жұртым сөксең де,
Қайтадан бүрлеп өнер ме,
Бәйтерек әкеп ексемде.
Әптиек басы әп жетті,
Ауырып апам көп жатты.
Қайран менің апашым,
Малым-жұртым деп жатты.
Ауырды апам басым деп,
Маңдайға біткен қасым деп.
Алладан бала сұрапты,
Артымда жылап қалсын деп.
Апам бір кетті мәреге,
Мәреден әрі шаріге.
Көз көрген түс ағайын,
Сәлемде деді бәріңе.
Кішкене болды түймеден,
Жіңішке болды инеден.
Иманды болғыр, апашым,
Ғаріп боп өтті дүниеден.
Өңім бе, Алла, түсім бе?!
Көрейін деген түсім бе?!
Жыламай қайтіп шыдайын
Алланың салған ісіне.
Көрінген тауда қор жатыр,
Әуеден ұшқан көкқұтан,
Дүние жалған бір тұтам.
Сәби боп өткен апашым,
Жалғаннан қайтіп ұмытам.
Айналайын тәңірім!
Осылай болды-ау өмірің.
Жатқан жерің торқа боп,
Нұрға толсын қабірің!


Пікірлер (1)

Бекзат

Қазақ ауыз әдебиеті
Енесін келіннің жоқтауы!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Енесін келіннің жоқтауы өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Енесін келіннің жоқтауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Енесін келіннің жоқтауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Енесін келіннің жоқтауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері