Мамырбек Үкірдайды жоқтау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Мамырбек Үкірдайды жоқтау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған жоқтау өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1423
Жер жарған атың Мамырбек,
Ханымың қалды бәйшешек.
Еженнен алдың Қызылтас,
Тұқымың дегдар қаракөк.
Арғы атаң сенің Көгедай,
Тараған ұрқың көп еді-ай.
Алты арыс, төрт төңірек,
Бір мамаң білсін деп еді-ай.
Билеген мамаң талайды,
Жол ашып көрдің талайды.
Сізге өлшем қылсам, жетер ме,
Сүлеймен мен Малайды?!
Өз әкеңіз—Жанымқан,
Ордаңа келген мың мен сан.
Қайраны тиіп халыққа,
Жалған ба сөзім, анық па?
Ханымын қажыға апарған
Бар ма екен күллі халықта?!
Дұшпаның келіп қорғалап,
Бөденедей жорғалап.
Ойласаң ондай бақ қайда,
Бір кісіге орнамақ!
Қыдырлы бақ орнаған,
Тәлімің бар ма еді сормаған.
Төрт төңірек жамбысын,
Өз қолыңнан сайлаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мамырбек Үкірдайды жоқтау өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Мамырбек Үкірдайды жоқтау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мамырбек Үкірдайды жоқтау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма жоқтау өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мамырбек Үкірдайды жоқтау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері