Күз – Айнұр Байтен

Бұл бетте «Күз» атты Айнұр Байтен жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Күз,
Жаңбырлы күн,
Қыркүйек.
Жаурап тоңып аласұрып тұрып ек.
Сен келгелі жаным менің күлімдеп.
Ұнатқаны жүрек құрғыр дірілдеп.
Танысқалы,дос болғалы екеуміз,
Неше көктем,неше жазбен неше күз.
Бұл күндері маған алыс қалада,
Жүрсің жаным,бөлек ғұмыр кешеміз.
Армандадық қиялдадық бала шақ,
Өтіп кетті қайран уақыт аласа.
Сағынамын сол күндерді екеуміз,
Сейіл құрған,қыдырғанбыз қарасақ.
Бал балалық қайран күндер арайлы,
Бала күннен қанша шуақ тарайды.
Кадр болып көз алдымнан тізіліп,
Балғын күнім кино болып қарайды.
Аспандағы жұлдыздарды санаушы ек,
Қол ұстасып айға ұзақ қараушы ек.
Салқын тартқан күздің суық кешінде,
Бар бақытты өзімізге балаушы ек.
Сен қайдасың бұл күндері алтыным?
Жабырқама жыламашы жарқыным.
Білем,білем ұмытпайсың меніде,
Менде сені ұмытпаймын ау күнім.


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз) .

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз өлеңінің авторы кім?

Айнұр Байтен — осы өлеңнің авторы.

Күз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күз өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар