Бұл менмін ерке қызы- әкешімнің!!! – AruzatBaitemir

Бұл бетте «Бұл менмін ерке қызы- әкешімнің!!!» атты AruzatBaitemir жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Еркетай боп еркелеп жүретұғын,
Еркетай жыр арнайды міне бүгін.
Әкешім еш ауырма асырағын
Үйді ойлап көрмедің-ау мүлде тыным.

Үйреттің бар асылды бала кезде,
Есейдім өсті бүгін сана лезде
"Әке орты жездедей-ақ", дейді бәрі
Келіспеймін. Саған жетпес ешбір жезде.

Жыр арнадым әке сені мақтау үшін,
Төздің талай берекені сақтау үшін.
Сенгендіктен маған үміт артып едің,
Талпынамын, үмітіңді ақтау үшін.

Балалықпен қате жасап еркеледім,
Алып жүрдім тәрбиеңнің ең керегін.
Әкетай күрсінбегін қуана бер,
Артыңда еркетайың мен келемін.

Түсінемін әкетай күйіңді анық,
Уайымдаумен жүрсің ғой күйіп-жанып
Алаңдама, алға қарай шабудамын,
Тәрбиеңді санама құйып алып.

Щабытыма шабыс бердің, жырыма сен,
Алға қарай шабуда қызың сенің.
Қай жерде жүрсемдағы мақтанамын-
Бұл менмін "Ерке қызы әкемнің"-деп!!!


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек міндетті түрде болу керек (тырнақшасыз) .
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар. Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл менмін ерке қызы- әкешімнің!!! өлеңінің авторы кім?

AruzatBaitemir — осы өлеңнің авторы.

Бұл менмін ерке қызы- әкешімнің!!! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұл менмін ерке қызы- әкешімнің!!! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде AruzatBaitemir өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұл менмін ерке қызы- әкешімнің!!! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар