Қазақ тілі – қазына тіл

Бұл бетте «Қазақ тілі – қазына тіл» атты Адилбек Динара (өзім) жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Әлдилеген ана тілмен тал бесіктен анашым,
Бала шақтан ұғып өстік туған тілдің бағасын.
Өзге тілде сөйлегенше, өз тіліңнің құнын біл,
Алпыс тілге тати алар білсең шарық-шамасын.

Қазақ тілі – ұлт тудырған даналардың анасы,
Қара сөзге дес бермеген Абай, Ахмет баласы.
Ана тілді өзге тілмен айырбастап жүргенде,
Туған тілдің сейілер ме жүректегі жарасы?

О, ағайын, білсең егер туған тілдің қадірін,
Білсең егер айырбастап жүрер ме едің ақ үнің?
«Тілі өлген ел – тірі өлген ел» деген нақыл бар екен,
Бабалардан қалған сөзден алайықшы тағылым.

Өзге тілде тірлік жасап қаншама жыл күн кештік,
Көше, дүкен, кездесуде өзге тілде тілдестік.
Халқымызды бір шаңырақ аясына жиятын,
Ол күш-қуат біле білсек, ұлттық тілдік бірлестік.

Қазақ тілім – рухы биік, көңілі кең қарт бабам,
Бізге жеткен заман асып, зұлмат, қиын шақтардан.
Сан ғасырдың шежіре тіл шырын сөзін жинаған,
Қазақ тілі бұл – қазына, жүректерде сақталған.


Пікірлер (2)

Модератор

Авторы өзім дегенді басу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ тілі – қазына тіл өлеңінің авторы кім?

Адилбек Динара (өзім) — осы өлеңнің авторы.

Қазақ тілі – қазына тіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ тілі – қазына тіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қазақ тілі – қазына тіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері