Өлең, жыр, ақындар

Иесіз өлең

Шабытыма шырқау салып күнгейдің,
Бұл сөзіме күлме мейлің, күл мейлің.
Бұл өлеңді өзге түгіл өзім де,
Кімге арналып жазылғанын білмеймін.

Лаулайды маздап, көңілдің шырақ жарқылы,
Артады келіп, сезімнің баяу қарқыны.
Сенімнің кілтін еншілеп алып қойғандай,
Тынымсыз ойлар тулайды келіп әр күні,

Ұялып қалып, пердеге барып тығылар,
Сезімге кейде сілтеніп сүңгі сұғылар.
Сонда да мынау жалғанда жаңсақ жаңылмай,
Тағдырым келсін жанымды оңай ұғынар.



Жер жаһанның көкжиек көлемін-ай,
Ойымды мен сан саққа бөлемін-ай.
Иесі жоқ ботадай боздап жүрген,
Ей менің, иесі жоқ өлеңім-ай.



Пікірлер (2)

Дана

Әдемі!

arailyyym

Рақмет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар