Аппасионата
- 0
- 0
Құшағы толғандай бір лала гүлге,
Шалқыды даласымен бала бірге.
Бетховеннің құдіретті сазды әуені
Жетелеп жолаушыны барады үйге.
Бұл бетте «Келіпті ғой 55 те» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құшағы толғандай бір лала гүлге,
Шалқыды даласымен бала бірге.
Бетховеннің құдіретті сазды әуені
Жетелеп жолаушыны барады үйге.
Соққан самал айықтырды ойдан бір,
Жағалауда бір топ бала ойнап жүр.
Жасырмайды таңырқана қалғанын,
Дей ме әлде, "бөтен адам қайдан жүр..."
Дарқансың-ау, мынау шексіз далаңдай,
Еркелеймін, өз қолтума балаңдай.
Таңданудан, таңырқаудан тана алмай,
Кетіп барам шырыныңа қана алмай,
Қара ормандар, қағар тынбай кірпігін,
Мақамына мүлгігендей жыршының.
Қайда барсаң қарсы алатын нан-тұзбен,
Жаны қандай жайсаң еді жұртының.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі