Құм – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Құм» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4733
Қаталдық пен сараңдық. —
Құмның ата мінезі.
Көрсеткеннен қараңды,
Қасарады ол өзі.
Құла құмдар қозғалған
Қайнақ толқын сияқты.
Қоламтадай қоздаған
Күйдіреді тұяқты.
Теңіз бен құм қашаннан
Сыңарлары егіздің.
Құм — күреңнен жасалған
Суретіндей теңіздің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері