Құйын – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Құйын» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3987
Жолдың шаңын сипап ап,
Жолсызбенен қашады.
Шашылғанды жинап ап,
Жиналғанды шашады.
Бір жығылып, бір құлап,
Бүлік салу — мұрады.
Тақыр жерді бұрғылап,
Шаншылып бір тұрады.
Дір-дір қағып жапырақ,
Қалтырайды сасқанда.
«Бұрғы» ізінен
Топырақ
Бұрқырайды аспанға.
Барлаушылық жұмысын
Істейді ол тоқтатпай.
Бірақ, бірақ құрысын!
Оралады түк таппай!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері