Айтқаныңыз болсын дедім...
Айтқаныңыз болсын дедім,
Үндемейін.Үнсіз бе мұң?!
Сіз Жайықты жырлағанмен
Жүрек қоймас дүрсілдеуін.
Мендік көңіл қамығумен,
Өзіңізді сағынумен
Күндері өтер күнтізбенің.
Салсаңызда гүл тізбегін,
Ай мен жұлдыз,күлсін бе күн,
Сіз жаңбыр боп жыласаңыз
Ер болған соң күрсінбедім.
Сіз айтқан жас қонақтайды
Жанарыма үнсіз менің.
Жылауық бұлт дейсіз бе?
Қала ма әлде?!
Сізді ойлаумен жүремін жағалаумен.
Қолымда суреттегі жансыз бейне
Келемін төрт жыл бойы бағалаумен,
Сезім сонша тылсым ба едің?!
Айтканыңыз болсын дедім,
Үндемейін.Үнсіз бе мұң?!
Алматыда тұман дейсіз,
Бұл Жайықта күлсін бе күн?!
Кездесерміз әлі алда
Күрсінбейін.Күрсінбегін!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі