Қысқы түн – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қысқы түн» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1121
Қысқы түн.
Манаурап маң тыным алып,
Ай нұрын төгіп, аймақ сағымданып,
Күн түскен тұнық айна сынығыңдай
Күміс қар қаратпайды көзді қарып.
Алыстан жымыңдайды жұлдыз біткен.
Тұтасып қарлы дала көк жиекпен.
Көз түспес әншейінде әлсіз ноқат,
Ап-айқын көрінеді ақ күртіктен.
Арудың ауылдағы жан толқынын
Жеткізіп жылқышыға төгетұғын.
Арқаның «қабақ шытпас» аталатын,
Кім сүймес май тоңғысыз майда түнін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қысқы түн өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қысқы түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қысқы түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қысқы түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері