Отаным!
- 0
- 0
Отаным деп жерім деп,
Жас ақындар жырлайды.
Өзен, көл, асқар таулардың,
Сұлулығын сомдайды.
Бұл бетте «Meн рухы биік қазақтың баласымын!» атты BekarysKudaibergen жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.
Жүрек жырын ақ параққа түсірген,
Жырларынан сезім сырын түсінгем.
Ақиықсың,дара туған ақынсың,
Қалған ақын сірә,сенің көшірмең.
Тілім барда мен Абаймын, Шәкәрім,
Тіршілікке биіктен үн қатамын.
Тілім барда өлмеймін де өшпеймін,
Тіршіліктің бал шырынын татамын.
Көп қой сенің тарихың Қарабалық,
Тарихсыз шыр шертпеген дана халық.
Орта жүз, Қыпшақ тайпасы мекен еткен,
Ұлылардың Отанысың Қарабалық!.
Мен сүйемін жерім менен елімді,
Жүрегімнен жыр арнасы төгілді.
Жылдар бойы азаттыққа шөлдеген,
Халқым менің не қасірет көрмеген.
Модератор
Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек .