Ұйқысыз ұйқы – Абзал Алтый

Бұл бетте «Ұйқысыз ұйқы» атты Абзал Алтый жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сана ояу, көңілдегі күй тұман
Зер саламын сүреңсіз мына сиқыма
Өткен-кеткен сәттегі ойға шырмалып
Ояу жатып, кетемін терең ұйқыға

Қиялдап жатып бойыма сыймай күш деген
Арманның жұтам жемісін әлі піспеген
Өршітіп алып өзімді таппай өңімнен
Ояу жатып, кей кезде қатты түс көрем

Шөл даланың шаңға ұласқан шағы ұнап
Желге мінген, жазықтың құмды бағы ұнап
Сағаттардың кейде тілін түсінбей
Ұйықтап жүріп, ұйықтап кетем тағы да

Орала алмай әлемнен өзге шын кезге
Ол жақта басқа,өтетіндей күн лезде
Іштен естілген үрейлі өз дауысымнан
Ояу жүріп,оянып кетем бір кезде

Түсініксіз...таңғы алты...не жазам?
Мына түнде болмайтындай кейде азан
Өң мен түстің арасында сенделтіп
Ойпырым ай менің өмірім неткен беймаза! (С) Абзал Алтый ‌


Пікірлер (1)

Адай

Қызық өлең екен, ұйқысыз ұйқы ең жаман нәрсенің бірі

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқысыз ұйқы өлеңінің авторы кім?

Абзал Алтый — осы өлеңнің авторы.

Ұйқысыз ұйқы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқысыз ұйқы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абзал Алтый өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқысыз ұйқы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар