Мен де жаттап өсіп келем Абайды – Саят Абдулла

Бұл бетте «Мен де жаттап өсіп келем Абайды» атты Саят Абдулла жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тамсандырып таңқалдырған талайды
Алты алашым даңқты ақынға балайды
Өлеңі мен өнегесін қалдырған
Мен де жаттап өсіп келем Абайды.

Өлең жырға жастайыңнан мән бердің
Ерекше үнмен сахараға сән бердің.
Таусылмайтын қазынасы сенде, ата
Әуелете ұрпақ салған әндердің.

Қарасөздің жарқырайды күн-айы
Текті жырдың жүрегі ұрып ұдайы
Ұлы Абайдың жыр мен әні өрлейді
Өйткені ол өмір сыры шынайы.

Асқақ арман биіктерде самғасын
Асыл өнер тапсын әркез арнасын
Жүректерге нұр төгетін жырыңды
Ұрпақтарың мәңгілікке жалғасын!


Пікірлер (2)

Айсауле

Өте керемет мағынасы бар өлең маған ұнады????????????????????????????????

Аяулым

Қай өлеңді айтып тұрсыз ондай өлең көріп тұрған жоқпын

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар