Ақтөбем- алтын аймағым! – Zamze

Бұл бетте «Ақтөбем- алтын аймағым!» атты Zamze жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақтөбе- құтты мекен,туған өлкем,
Қызғалдағы құлпырған атамекен!
Жер- ана, мен де сенің бір гүліңмін
Жыр арнайын жүректен саған көркем.

Ақтөбем, баурайыңда күн кешеміз
Сенде туды атақты ул менен қыз
Қаншама жыл өтсе де шежіре ғой
Соларды айтып тамсанып, "беу"десеміз

Бөгембай мен Сәңкібай, Есет батыр,
Наурызәлі ,Қобыланды ,Мыңбай батыр.
Әйтеке би, Әжібай , Мөңке билер,
Сөзбен де, ісімен де жауды жеңер
Әлиядай батыр қыз да Ақтөбелік.
Мергендігін қыран құсқа теңерлік!
Жаратылған жүрегі қайсарлықтан,
Батыстың батыл қызы ел сенерлік.
Отан үшін майданда қанын төккен,
Әлиядай мергенге кімдер жеткен!
Жадында халқының ол мәңгі қалар,
Әншілер де Әлия деп ән тербеткен.
Бүгіннің батыры -әнші Димаш .
Суреттесем өнерін сөзге симас,
Ақтөбенің ұланы бұл Димаш та,
Ол дегенде бар әлем ауыз жимас!
Жез таңдай ,күміс көмей, алтын дауыс,
Ол ән салса бәріміз тік тұрамыз!
Тербеп әні тұла бойды тұндырады ,
Алдымызда тұрғандай тірі аңыз!
Таң қалдырды Димаш бүкіл жер шарын,
Жаулап алды жүректерін бар жанның!
Әзір ешкім тең келмейді әлемде,
Жер түгілі ғарышта да күнде де...
Елінің Құдай берген біртуары,
Димаштар бір ғасырды бір туады!
Мінезі қарапайым, жаны жарқын,
Қазаққа біткен Димаш бір тұлпар- ды!
Ақтөбеден шыққан биік тұлғалар!
Жүзден жүйрік мыңнан асқан біртуар,
бар қазақтың айтулы мақтанышы,
Тарихта есімдері мәңгі қалар!


Пікірлер (2)

Модератор

Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегі керек.

Айсұлу

Өлең прямм күштіі, бірақ ақыны кім ????

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтөбем- алтын аймағым! өлеңінің авторы кім?

Zamze — осы өлеңнің авторы.

Ақтөбем- алтын аймағым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтөбем- алтын аймағым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Zamze өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтөбем- алтын аймағым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар