Алаша көл – bagilaesenbaeva

Бұл бетте «Алаша көл» атты bagilaesenbaeva жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сан бояумен көмкергендей жараса,
Жұлдыздармен сырласатын тамаша
Құмдауыт жайылымы малға жайлы,
Ертегідей аңыз көл бар- Алаша.
Қозыларды айдаушы едік таласа,
Көл тасыса қуанушы ек балаша
Көк майсадай құлпыратын жер жүзі,
Күншығыста шағын көл бар- Алаша
Қайнап жатқан қазандайын қақпағы,
Қиыршық тас құмды болар бас жағы.
Өрнектелген кестеленген жан-жағы,
Жанға шипа дәрулігі-батпағы
Талбөгет маңайында орналасқан,
Суландыру жүйесін қолдан ашқан
Суы – қышқыл болғанмен балығы мол,
Дәмі кетпес тортаның кеште асқан
Балық қорын іздесең Алашадан
Көлдің суы терең де,қара шалаң.
Дербес көлдің бастауы дарияда
Жағасында құстар бар ұя салған.
Ертеде көл жағасын мекендеген
Аштықта талай жанның көзі сенген
Ауылдың айналған ырысына,
Нәсібі мен ырзығын Сырдан емген
Жауға шапқан батырдай құлазып көл,
Ну тоғайдан белгі жоқ,қуарған шөл
Аты бар аңыз боп ел аузында,
Кілемшедей сыр тартар Алаша көл.


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек болу керек. Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алаша көл өлеңінің авторы кім?

bagilaesenbaeva — осы өлеңнің авторы.

Алаша көл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алаша көл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде bagilaesenbaeva өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алаша көл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар