Неге, неге..?
Аласұрып, азу тісін қайраумен,
Келді арқалап «НЕГЕ?» деген ашуын.
Қашып одан кетсем екен қай жанмен?
НЕГЕ?-десі бар ма, ойбай, қашуым.
«НЕГЕ, НЕГЕ?» деймісің сен ашуым,
Соның мәнін НЕГЕ екенін мен білмен.
Сұрап көрсем білер ме екен ақылым,
Білмей қалса «НЕГЕ?» десіп сен күлмен.
Ей, ақылым, айтқын кәне шыныңды,
НЕГЕ жалқау ұрпақтарың бүгінгі?
НЕГЕ мұнда кері қарай өзгеріс,
НЕГЕ ойым бұл сауалға ұрынды?
НЕГЕ шарап масат қылды, ас болды?
НЕГЕ ғана екі көзге жас толды?
НЕГЕ біздер «ШҮКІР» сөзін жиі айтпай,
НЕГЕ ғана ауыз – өсек, лас болды?
НЕГЕ әділдік адамзатқа қас болды?
НЕГЕ пара екеуара дос қылды?
НЕГЕ жүрек тасқа айналып, қатайып,
НЕГЕ бізді адастырып, мас қылды?
НЕГЕ тілім тілімделіп, қанталап,
НЕГЕ ғана орыс тілі бас болды?
НЕГЕ ұлың қару алып, анталап,
НЕГЕ ұлтым бір-біріне қас болды?
Ей, ақыл-ау, НЕГЕ үнсіз қалдың сен?
Жауап қатқын, ағыз балын тіліңнің.
НЕГЕ ғана жауапсыз боп алдың сен?
Енді ҚАЙДА, КІМГЕ барып жүгіндім.
Керек емес, қалқам үнсіз қала бер.
Қайтемін мен жауабы жоқ сауалды.
«НЕГЕ?» десіп, үнсіз ғана қаламгер
Достарына қойды осы сауалды.
©Асан Торғанбек
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі