Жүрек деген менде де бар – ayazhan1709

Бұл бетте «Жүрек деген менде де бар» атты ayazhan1709 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ей, адамдар, тыңдаңыздар,
Жүрек деген менде де бар.
Тәтті сөзді сүйетін,
Ренішке қатты күйетін.
Адаммын мен де, адамдар,
Жүрек деген менде де бар.
Маған кейде жол сілтер,
Ал, кейде бағынбай да ол кетер.
Менде де бар жүрек деген,
Қайғыға да қуанышқа бөленген.
Сан рет елжіреген бұл жүрек
Іздеген бе өз - өзіне бір тірек?
Менде де жүрек бар сол баяғы,
Қуаныштан алып - ұшып жатады.
Кей - кейде дыбыссыз тыныштықта
Үнсіздікпен уайымға бір батады.
Жүрек деген менде де бар,
Біліп, көріп, сезетін.
Бұл өмірдің ащы - тұщы жерлерін,
Сабырлықпен, алғырлықпен жеңетін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар