Мейірімді адам – adletkarimov

Бұл бетте «Мейірімді адам» атты adletkarimov жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Әйел қылдым бір қызды қаладағы
Әке болдым, серілік санада әлі
Бір жыл тұрып шыдамай кеттім үйден
Үйде қатын, бесікте бала қалды
Қарамадым артыма кете бардым
Өгейледің демедім, шеке жардың
Өз еркіммен жоғалдым өміріңнен
Өкпелетті несіне ерте бар мұң
Жыладыңба білмеймін жоқ маңызы
Қалмады да тағдырдың соққан ізі
Осы хабар кеткелі үш жыл өтті
Өміріңе өкпенің көп қарызы
Баламды да көрмедім, іздемедім
Болмады да көп өкпем күзге менің
Жүрегі жоқ қараңғы көкірегім
Сезді кейде жанына қыз керегін
Сызаттарды әрмендей сынық қылып
Ауыстырдым қыздарды шұлық қылып
Тұрақтанбай мекенім әр күн сайын
Жүрдім бәрін күнделік былықтырып
Басым дауға қалды да торға барып
Көзімнен жас тамбады сорғаланып
Мені қорғап, түрмеден шығаратын
Танысыммен тамырым болмады анық
Шырғалаңға байландым, бәрін кештім
Қара торда болмады жанымда ешкім
Сан ойлар кеп санамды жұлмалады
Өлгім келді, еріксіз, тамыр кестім
Көз жұмылды, қансырап, көз ашылды
Төсегімнен көтердім өз басымды
Қуыршағын көтеріп, қызым келіп
Мойынымнан құшақтап, жүз асылды
Жарым келіп, еркелеп, сүйіп беттен
Төкпеген еш арымды құйып кеткен
Отбасыма дәл солай өмір мені
Қымбат қылып, бәріне сүйікті еткен


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мейірімді адам өлеңінің авторы кім?

adletkarimov — осы өлеңнің авторы.

Мейірімді адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мейірімді адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде adletkarimov өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мейірімді адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар