Келгенімде, Жұмбақтас, есіңдеме
Түскенімде пойыздың есігінен,
Адастым-ау, өзімнің есімімнен.
О, табиғат, жанарым отқа оранды,
Аймалап құндақтаған бесігінен.
Көк аспаннан Күн шығып таң атқандай,
Ауасы жамандықтан тазартқандай.
Әйтеуір, әлек болдым соны білем,
Қайтадан жан дүниемді жаратқандай...
Жан-жағымды қоршаған айналама,
Жылу төгіп тұр екен сай-салада.
Мұны сол сәт байқаған жүрегім де,
Дүрсіл қағып, соғады қайталана.
Кейде кенет бәріне жан біткендей,
Келгенімді тек менің көп күткендей.
Қошеметтеп әрбірі қарсы алуда,
Қарсы алуда қарашы көркем беткей.
Тіпті, Кірпітауы да тамашалап,
Суық желден қорғайды арашалап.
Жұмбақтасты ұйқыдан селк еткізіп,
Естідің бе, сөйлейді қазақшалап.
Естідің бе, басында сенбегенмін,
Мұндай ғажап сәттерді көрмегенмін.
Сонда-дағы Жұмбақтас білмейді екен.
Білмейді екен, әлі де келмегенін.
Тек Оқжетпес шыңына шығарғанда,
Өз ұйқысын ол ,сірә, доғарған ба?
Мені көріп алыстан қуанғаннан
Таудан аққан су сынды құлаған ба?
Бәріңді де айрықша мен көремін,
Иә, білем, ақынның көп өлеңін.
Қазақтың мұндай ғажап суреттері
Салған ғой көз алдымда бар өнерін...
Көпшіліктің назарын таңқалдырдың,
Тіпті, әлемді бейнеңмен таңдандырдың.
Жас баланың өлеңін безендіріп,
Көркіңменен шабытты жандандырдың.
Сондықтан да сен үшін келген едім,
Тағы да келерімді білмеп едің.
Жұмбақ-тасым жүректе ой қалдырған,
Сен баланың өлеңін жебеп едің!
МІНЕ, ТАҒЫ АЛДЫҢА ЖАҚЫНДАЙМЫН ,
ТАБИҒАТТЫҢ ЗАҢЫНА БАҒЫНБАЙМЫН.
СЕН ТУРАЛЫ ЖЫР ЖАЗҒАН ЖҰМБАҚТАСЫМ,
ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛДАЙ АҚЫНДАЙМЫН!
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі