Әмір Темір Көреген – Сыпыра Сұрғалтайұлы

Бұл бетте «Әмір Темір Көреген» атты Сыпыра Сұрғалтайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.11.2019
  • 0
  • 0
  • 4855
Әмір Темір Көреген,
Тоқсан алты хан дөреген.
Ханның зәулім сарайы
Ақ Орда деген жер екен.
Айналасы биік тау,
Батылы барып кірмес жау.
Алпыс биі бірігіп,
Ақ Ордада шешкен дау,
Бұларды көрген бабаңмын.
Көрдім қалың еліңді,
Едіге деген еріңді.
Жамандық пен жөнсіздік
Қайыстырды-ау белімді.
Небір-небір билерің
Көргенсіз боп көрінді,
Бұларды көрген бабаңмын.
Бұлар да өтіп кеткен соң,
Өзінің елін бүлдірген,
Бәтуаға келмеген,
Сүргін салған жұртына,
Жесір қатын, жетім ұл
Тыңдамай датын, жылатқан,
Әзәзіл жолдан тайдырған,
Қайсыбірін айтайын,
Сіздерді көрген бабаңмын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері