Тастанды сәби туралы толғаныс
Аяймыз Ананы сорлаған,
Дәуренім болды дер тым қысқа,
Алайда, сорланған Анадан
Тым қымбат сәбидің өмірі
Тасталған туа сап қоқысқа.
Сәбиін тастанды еткендер
Лайықты ең ауыр жазаға,
Иттен де артық ИТТІКТІ еткендер
Лайықсыз «адам» деп аталар атқа да…
Аялы алақан ажырап,
Қалды ғой жас сәби шырылдап,
ҚОҚЫС – ол қан майдан тәрізді
Ал, СӘБИ – ЖАРАЛЫ ЖАС СОЛДАТ.
Алайда, соғыстың майданы
Жеңіл ғой өмірлік күрестен;
Тасталды іңгәлап, жаутаңдап
Кіндігі түспеген періштең…
Ей, Ана, не деген қатігез
Тасжүрек едің сен?!
Жүрегің мейірсіз болды ма?
Жаралған жай ғана кесектен…
Найзағай ұрғандай төбеңнен,
Сәбидің шырылы естілер,
Шарасыз ызалы үнменен
Қарусыз кеудеңді кескілер,
- Тастанды аталар, Анашым?
Жазығым не еді? – Дейтіндей;
Сен де сол заманның құрбаны
Айналған қоғамның
Айықпас дертіне, ей…
Бір мезет, бір сәтте қаншама,
Қалды екен тағдырлас тамырлар?!
Қоқысқа, жоқ әлде үйлердің алдына
Сыйлықтай орап ап қорапқа
Тастады қатігез Аналар…
Тек қана 9 ай жатырдың ішінде
Сезінген Аналық жылуды
Тастанды сәбилер - секілді бауырлар.
Көре сап өмірдің жарығын,
Сәбидің сезгені – қалың мұң.
Бөленбей Аналық мейірге
Кінәлі болардай
Не жаздым, ей, саған, тағдырым?!
Дейтіндей пәк көңіл Тастандың,
Дейтіндей өмірді көрмеген сәбиің…
Өмір - ол көп беттік дәптердей,
Басталар ақ парақ беттерден.
Бар сия құйылып кеткендей
Сәбидің тағдыры
Шимайдан басталды
Қараусыз, аяусыз тастанды еткеннен…
Көктегі Күн саған жылуын
Төге ме, айтшы, Ана, қатігез?!
Ер болып өсер ед сол ұлың
Қайратты, батыр боп ер мінез.
Гүлдей боп жайқалған қырдағы,
Жібектей сызылған жырдағы,
Күлімкөз сұлу боп өсер ед
Тастаған сәбиің
Болар ед құлпырған гүл бағы…
Сыйлашы, тым құрса, сәбиді,
Зар болған Анаға
Періште иісіне;
Алғашқы мекенім –
ҚОҚЫС па демесін,
Ес жиып, ер жетіп
Алғанда есіне…
Кімді біз кінәлай аламыз?
АНАНЫ, жоқ әлде, САНАНЫ?
Болса егер САНАСЫЗ АНАМЫЗ
Дұрысын «Қоқыс" деп санаған,
Милары «қоқысқа" айналған,
САНАСЫЗ АНАЛАР КІНӘЛІ!
P.S. Аяймын мен ондай Ананы,
Теңелген құстарға «Көкекше",
Сәбиін лақтырған далаға
Ескірген етікше…
Қуантар бір дүние бар бірақ
Ашты өмір есігін бір сәби
ТАҒДЫРЫ БАСТАЛҒАН ЕРЕКШЕ,
СЕБЕБІ, ПЕРІШТЕ СӘБИДІ
БАР ЫЛҒИ ҚОРҒАУШЫ ПЕРІШТЕ!..
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі