Анашым...
Сен – КҮНІМСІҢ!
Төккен нұрын арайлы,
Жан жылуы тек өзіңнен тарайды.
Сен – ГҮЛІМСІҢ!
Жұпар иіс аңқыған,
Сол иіске құшағыңда балқығам.
Сен – ЖҰЛДЫЗСЫҢ!
Сансыз әрі жымың қаққан көктегі,
Сен жасаған жақсылықтың
Жоқ өмірде шектеуі.
Сен – АЙЫМСЫҢ!
Қараңғыда сән беретін аспанға,
Адастырмас біздерге жол
Нұсқап жүрші қашан да...
Сен – МӘУЕЛІ БӘЙТЕРЕКСІҢ!
Үлгі аламын өзіңнен,
Бұл фәнидің тарам жолын
Көргендеймін жүзіңдегі әжімнен.
Сен – АСЫЛСЫҢ!
Мейіріміңді аямаған өзгеден,
Амандығын тілеп әр кез балаңның
Бір Алладан дұға тілеп, көз ілген.
Сен – СҰЛУСЫҢ!
Әсемдік бар бойыңда,
Мін таппаймын бір өзіңнен, Анашым,
Жан дүниең, сұлу тіпті, ойың да.
Сен – САБЫРЛЫМ!
Барлығын да үнсіз ғана жеңетін,
Сабырлығың – басты қару,
Жан болса егер білетін.
Сен – ХАНШАЙЫМ!
Қадірлісің әрқашан,
Ел сыйлаған мінезіңді
Жоғалтпашы ешқашан...
Сен – ГАУҺАРЫМ!
Жарқыраған жақұтым,
Бізге арнаған алтын ғұмыр, уақытын,
Жоғалмасын келбетіңнен, Анашым:
«КҮЛКІҢ» менен «БАҚЫТ» атты жақұтың.
Жүзіңдегі «КҮЛКІ» менен «БАҚЫТТЫ»,
Алмастырмай «УАЙЫМ» менен «ҚАЙҒЫҒА» ,
Сақтай білсем ӨМІР атты айдында,
ОЛ – ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗЫМ!!!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі