Уақытша – AselAlikhanova

Бұл бетте «Уақытша» атты AselAlikhanova жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Осынау мына бес күн жалғандағы,
Көп нəрселер уақытша,жалған бəрі.
Аман болса жаныма жақын жандар,
Мен үшін маңызды емес қалғандары!

Уақытша ғой өтіп жатқан күндерім,
Сəл жымыйып,қуанғаным,күлгенім.
Уақытша екен анда-санда мұңайып,
Болмашыға бақытты боп жүргенім!

Бағалайық барша жанды барында,
Уақытша ғой жүрген жандар жаныңда.
Ақша менен ойын-күлкі,атағың
Уақытша екен басыңдағы бағыңда!

Уақытша ғой көңіліңнің ақ таңы,
От сезімнің кейде мұз боп қатқаны.
Уақытша екен кеудеңдегі жүректің,
Əлсін-əлсін,дүрс-дүрс соғып жатқаны!

Уақытша екен барлық қызық шақтарым,
Уақытша емес бір заттыда таппадым.
Көп уақытты құрайтын əр сəтімнің
Байқамаппын сағым болып жатқанын!

Əр уақытты бағалап жүрейікші,
Уақытша өмір,жақсылықпен сүрейікші.
Шүкір етіп,амал жасап,арғы жақта
Мəңгі өмірдің бар екенін білейікші!

Ей,Уақыт,керек емес жақұтыңда,
Арзан атақ,болмашы бір бақытыңда.
Дер кезінде бар қатемді ұқтырып,
Жөнге салсаң болғаны уақытында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уақытша өлеңінің авторы кім?

AselAlikhanova — осы өлеңнің авторы.

Уақытша өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уақытша өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде AselAlikhanova өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уақытша өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар