Бізге артқан сенім мен үміт – Айгерім Мүсілім

Бұл бетте «Бізге артқан сенім мен үміт» атты Айгерім Мүсілім жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бізге артқан сенім мен үміт

Қазағым-ау, тарихың сені жырласын.
Бүгінгі күн бақытты кез болғасын.
Кешегінің жастары бас болғанда,
Бүгінгінің жастары неге болмасын?

Қолдаймыз,қорғаймыз,аянбаймыз.
Тар жолмен тау биікке аяңдаймыз.
Өзге елің бізден биік тұрған да,
Мына біз құр алақан жүре алмаймыз.

Біз жастар,қамалдай алынбаймыз
Бос дүниеге қызығып алданбаймыз.
Отыз емес ондықтың қатарынан,
Табылсақ деп әр таңда армандаймыз.

Бізде ғана түгел барлық элементің.
Қасымызда қызыл ел өртенетін.
Сығалап терезеден көз салмасын,
Өз жастары тұрғанда көтеретін.

Тіліміз бай,сонысымен мақтанамын.
Әдебиет,тарихың бар жатталатын.
Біздегі осы құндылықтар ендігі,
Жастарыңда аманат боп сақталатын.

Даламыз кең,бермейміз қара жерді.
Бұл жастарға ой салар үнім еді.
Аманат боп қалған жерді сақтасақ,
Әлі сонда талай ұрпақ жүгіреді.

Біздің жастар өр намысты,ерең еді.
Қия шыңға, жұдырық боп итереді.
Алты құрлық көзін тігіп қарайтындай,
Қазағымды әлі көкке көтереді

Мүсілім Айгерім Мейрамбекқызы


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегін қосу керек.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бізге артқан сенім мен үміт өлеңінің авторы кім?

Айгерім Мүсілім — осы өлеңнің авторы.

Бізге артқан сенім мен үміт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бізге артқан сенім мен үміт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айгерім Мүсілім өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бізге артқан сенім мен үміт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар