Қазақстаным – Сұлтан Қалиев

Бұл бетте «Қазақстаным» атты Сұлтан Қалиев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.12.2019
  • 0
  • 0
  • 7056
Сәулетті әр қаласы
Шырағындай өмірдің
Кең-байтақ даласы
Құшағындай елімнің.
Тұп-тұнық аспаны –
Байлықтың бастауы,
Замана дастаны –
Қазақстаным менің.
Жасындай айбыны
Ұл-қыздарды түлеткен,
Халқымыздың ай, күні
Жұлдыздарды түлеткен.
Тұп-тұнық аспаны –
Байлықтың бастауы,
Замана дастаны –
Қазақстаным менің?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері