Жаздым өлең – Гүлжайна Байходжаева

Бұл бетте «Жаздым өлең» атты Гүлжайна Байходжаева жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Өмірдің алыс бағында,
Келген ем бақытты шағына
Қуаныш сыйлаумен өткерген,
Күндер көп қайғы бар қасында
Қиналмай уақытым өткенге
Күндерім алыс кеткенде
Алдағы болашақ уақытқа
Жетелеп бармайды бұл неге?
Терең ойлап міне жаздым өлең
Тым болмаса сұрайын деп көктен де мен
Қаншама ой ми ішінде сақталып,
Пайда келсе шығар мүмкін көктемнен...
Жаздым өлең өз-өзімді ақтарып
Жақсы менен жамандыған қақ жарып.
Бірде анау алыс арман шетінде,
Жүріп барат бақ қоржынын сарт қағып
Алай-дүлей дауыл тұрды басымда,
Кеткендігін сезген мүмкін басында
Жоғалтудан қорқатын қыз ішімде,
Жағалап жүр жүрек тұсын расында
"Сен" демейді "сіз" демейді бұйрықты,
Іздемейді іздесе де тыйыпты
Бар үмітін барлығы үшін тең ашып,
Тілейді үнсіз түн ортасы тынышын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаздым өлең өлеңінің авторы кім?

Гүлжайна Байходжаева — осы өлеңнің авторы.

Жаздым өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаздым өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаздым өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар